Аймақтар
1 мин оқу 1,205
Атырау және Ақтөбе облыстарында ауа райы бұзылады - «Қазгидромет» РМК
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жариялады.</p>

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, 24 сәуірде Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа қарай ауысады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Сондай-ақ 24 сәуір күндіз Атырау қаласында солтүстік-батыстан соққан күшті жел оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.
24 сәуір күндіз Ақтөбе облысында батыстан және оңтүстік-батыстан екпінді жел соғады. Кей жерлерде жел қарқыны 15-20 м/с болады. Ақтөбе қаласында батыстан жел соғады. Жел екпіні 18 м/с дейін болады.
Бөлісу: