Футбол
1 мин оқу 190

Маусым жалғасуы ықтимал

<p style="text-align: justify;">Күні кеше УЕФА құрамына мүше елдердің өкілдері, УЕФА президенті Алек&shy;сандер Чеферин мен бас хатшысы Теодор Теодоридис қатысуымен ви&shy;део&shy;конференция форматында жиын өтті.</p>

Маусым жалғасуы ықтимал

Онлайн басқосуға Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин қатысты. Форумға қатысушылар COVID-19 індеті аяқталғаннан кейін еуро­палық футбол турнирлерін өткізудің оңтай­лы шешімдерін іздеген екі жұмыс тобының нәтижелерімен танысты.

Ең алдымен кәсіби клубтар мен ұлттық құрамалар арасында өтетін ресми жа­рыс­тар күнтізбесінің әртүрлі нұсқалары қарал­ды. Сонымен қатар маусымдағы ұлттық жоға­ры дивизиондар мен ұлттық кубок ойындарын аяқтауға кеңес берілді. Жоғарыда аталған ішкі чемпионаттардың ойындары өтпеген жағдайда, ұлттық қауымдастықтарға көмек көрсету мақсатында Еурокубок жолдамаларын бөлу мәселесі де реттеледі.

Бөлісу:
Маусым жалғасуы ықтимал · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар