Аймақтар
1 мин оқу 265

Израиль Елшілігі қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетті

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Президенті жариялаған &laquo;Еріктілер жылы&raquo; аясында, сондай-ақ Қазақстан мен Израиль арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 28 жыл толуына орай Израиль Мемлекетінің Нұр-Сұлтан қаласындағы Елшілігі қиын жағдайларға тап болған адамдарға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық акциясына қатысты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Біздің елдеріміз арасындағы достық белгісі ретінде Елшілік «Клуб Добряков» қайырымдылық ұйымына қолдау көрсетті, ал дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері өз күштерімен азық-түлік пакеттерін жинады.

Израильдің Қазақстандағы Елшісі Лиат Вексельман Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың #Бізбіргеміз бастамасына қолдау көрсетіп, мұндай қиын кезеңде қоғамның осал топтары айналадағылар тарапынан көмекке мұқтаж екенін атап өтті.

Бөлісу:
Израиль Елшілігі қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар