Аймақтар
1 мин оқу 170

Қостанайдағы қалалық аурухана карантинге жабылды

<p style="text-align: justify;">Кеше қалалық ауруханада аймақтағы 36-шы індет жағдайы анықталған болатын. Індет жұқтырған ер адам осы ауруханада жатқан.</p>

Қостанайдағы қалалық аурухана карантинге жабылды

Бүгін денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қалалық аурухананың карантинге жабылғанын мәлім етті. Қазір коронавирус жұқтырған науқаспен жақын қатынаста болған барлық дәрігерлер мен науқастар  оқшауланған. Олардың барлығынан қан алынған. Талдау қорытындысы шыққан соң, түгелдей карантиндік емдеу мекемесіне немесе үй карантиніне жіберіледі.  

Қала тұрғындарына қазірше облыстық аурухана қызмет көрсете тұрады.  

 

Қостанай облысы 

Бөлісу:
Қостанайдағы қалалық аурухана карантинге жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар