Аймақтар
1 мин оқу 350

COVID-19: Арқалық қаласындағы науқас ауруханадан шығуы мүмкін

<p style="text-align: justify;">Арқалықта инфекция бөлімінде жатқан науқастан алынған екінші талдау қорытындысы теріс нәтиже көрсетті. Бұл туралы Қостанай облысының &laquo;Ұлттық сараптама орталығы&raquo; мәлімдеді. Қазір науқас оң нәтиже көрсеткен бірінші талдау қорытындысы бойынша емделіп жатыр.</p>

COVID-19: Арқалық қаласындағы науқас ауруханадан шығуы мүмкін

– Алдағы уақытта алынатын талдау қорытындылары науқастың жағдайына, иммунитетіне және емдеу шараларының ықпалына қарай бірде оң, бірде теріс нәтиже көрсетуі мүмкін. Хаттама бойынша ауруханадан шығарар алдында науқастан COVID-19-ға тағы екі рет талдау алынады.  Екі талдаудың да қорытындысы теріс нәтиже көрсетсе, үйге жіберіледі, - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Арқалық қаласында тұратын 48 жастағы әйел 18 сәуірде COVID-19 диагнозымен  ауруханаға жатқызылған болатын.

Қостанай облысы

Бөлісу:
COVID-19: Арқалық қаласындағы науқас ауруханадан шығуы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар