Қазақстан
1 мин оқу 292
Елімізде жүк тасымалы ұлғайған
<p style="text-align: justify;">Елімізде биыл жыл басынан бері автомобиль көлігімен 5,3 млн жолаушы және 675,3 млн тонна жүк тасымалданған. Бұл туралы жауапты ведомства өкілдері хабарлады.</p>

Ал халықаралық қатынаста 2,3 млн тонна жүк тасымалданса, оның ішінде: экспорт – 640 мың тонна, импорт - 1,7 млн тоннаны құраған. Сонымен қатар, 380 мың тонна транзиттік жүк тасымалданыпты.
Қазіргі уақытта автомобиль тасымалдары саласында 3,5 мыңдай кәсіпорын жүк тасымалдаумен айналысады. 1 мыңдай кәсіпорын тұрақты автобус тасымалдарын жүзеге асырады. Мәлім болғандай, олардың 17,5 мыңнан астам автокөлігі бар.
Бөлісу: