Аймақтар
1 мин оқу 260

Батыс Қазақстан: Вирус жұқтырғандар Ресейде жұмыс істейді

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан&nbsp;&nbsp;облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейді.&nbsp;</p> <p style="text-align: justify;">&nbsp;</p>

Батыс Қазақстан: Вирус жұқтырғандар Ресейде жұмыс істейді

Денсаулық сақтау министрлігі берген мәліметте анықталған науқастар 1964 және 1991 жылғы Түркістан облысының тұрғындары екені айтылған. 

Ресей Федерациясымен шекарадағы Тасқала автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар азаматтарды байланыссыз термометриямен тексерген. Сауалнама кезінде денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, оларды карантиндік стационарға жатқызған.

ПТР диагностикалық зерттеу екеуінен де COVID-19 диагнозын анықтады.

Науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 102 адамға жетті.

Бөлісу:
Батыс Қазақстан: Вирус жұқтырғандар Ресейде жұмыс істейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар