Аймақтар
1 мин оқу 283
Қарағанды облысы: 36 адам коронавирусты жеңді
<p style="text-align: justify;">Бүгін Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырған екі науқас ауруханадан жазылып шықты.</p>

Аурудан айыққандардың бірі – Қарағанды қаласының 1947 жылы туған тұрғыны. Екіншісі – Шахтинск қаласында тұратын 11 жастағы қыз бала. Екі науқас толық емдеу курсынан өтті және екі мәрте алынған ПТР-талдау теріс нәтиже көрсеткеннен кейін олар үй карантиніне шығарылды.
Бүгінге дейін Қарағанды облысында коронавирустан жазылғандардың жалпы саны 36 адамға жетті.
Қарағанды облысы
Бөлісу: