Жаңалықтар
1 мин оқу 270

Америкада қазақ студенттеріне «терроризм» жазасы таңылмақшы

16 09-Kadirbaev i Tazhayakov

Америкада сәуір айында орын алған Бостондық марафоны кезіндегі терактісіне қатысы бар деп танылып отырған қазақ студенттері Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовтің ісі бойынша келесі сот отырысы 26 қыркүйектен 29 қазанға кейін қалдырылды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Процесті созу арқылы прокуратура студенттердің ісін басты күдікті Джохар Царнаевтың ісімен байланыстырып, оларды терроризм бабы бойынша жауапқа тартпақшы», – деді ИТАР-ТАСС тілшісіне берген мәліметінде Азамат Тәжаяқовтың әкесі.

Жұма күні Бостон қалалық сотында қандастарымызға деректерді жоюға тырысып, теракт бойынша тергеу жұмыстарына кедергі келтірді, деген айып тағылған еді. Қазанның соңында Қадырбаев пен Тәжаяқовтың бір адамдық жеке камераларда отырғандарына жарты жыл болады. Оның үстіне оларға күнделікті серуенге де құқық берілмеген екен.  

Айдар Өрісбаев.

Бөлісу:
Америкада қазақ студенттеріне «терроризм» жазасы таңылмақшы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар