Қазақстан
1 мин оқу 591

Алматы маңында бір түнде екі мәрте жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Соңғы айда Алматы маңында жер сілкінісі жағдайлары жиілеген. Қуаты күшті болмаса да 2-3 балды құрайтын жер дүмпулері осы айда Қазақстан-Қытай шекарасына жақын аумақта, Алматы облысының аумағында бірнеше рет тіркелді. 25 сәуір, яғни өткен түнде &nbsp;Алматы уақытымен 03 сағат 56 минутта және 06 сағат 55 минут 25 секундта қос бірдей жерасты дүмпуі тіркелді.</p>

Алматы маңында бір түнде екі мәрте жер сілкінді

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі хабарлағандай, 25 сәуір күні болған алғашқы жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 130 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Тербелістің энергетикалық класы 11,5, магнитудасы – 4,5. Табиғаттың тосын мінезі Алматы қаласында 2 балдық деңгейде сезілген. 

Екінші жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 426 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағына жақын маңда орын алған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,2, магнитудасы – 4,9. Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған.

Бөлісу:
Алматы маңында бір түнде екі мәрте жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар