Қоғам
1 мин оқу 222
Заттық айғақ ретінде тәркіленген киім-кешек үлестіріп берілді
<p style="text-align: justify;">ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері төтенше жағдай кезінде көмек қажет ететін жанұяларға 250 млн теңгеден асатын заттық айғақ ретінде тәркіленген киім-кешекті үлестіріп берді. </p>

Балалар киімдері, аяқ киімдер, спорттық костюмдер, футболкалар экономикалық контрабанда бойынша қозғалған қылмыстық істері аясында тәркіленіп, соттың үкімімен мемлекеттің меншігіне өткен болатын.
Барлық киім-кешек балалар үйіне және қиын жағдайда қалып көмек қажет ететін жанұяларға үлестірілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда дейді департамент қызметкерлері.
Бөлісу: