Аймақтар
1 мин оқу 412

Атырау: «Қашағаннан» 14,1 млн тонна мұнай экспортталды

<p style="text-align: justify;">Атырау облысындағы &laquo;қара алтын&raquo; өндірілетін &nbsp;кен орындарының қатарында &laquo;Қашаған&raquo; да бар.</p>

Атырау: «Қашағаннан» 14,1 млн тонна мұнай экспортталды

Бұл –Каспий теңізінің қазақстандық секторында ашылған ірі кеніш.

Оны игеру жобасының операторы – NCOC компаниясы. Теңіз мұнайы 2016 жылдан бері жасанды аралдарда өндіріледі.

– Былтыр  «Қашаған» кен орнынан өндірілген 14,1 миллион тоннадан астам мұнай экспортталды. Сондай-ақ, шетел нарығына жіберілген газ көлемі 3,5 миллиардтан аса текше метрді құрады. Ал экспортталған күкірт 1 миллион 207 мың тоннадан асты, - деп хабарлады NCOC компаниясының баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Атырау: «Қашағаннан» 14,1 млн тонна мұнай экспортталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар