Аймақтар
1 мин оқу 227

Қостанайда әскери міндеттілердің арнайы жиыны басталды

<p style="text-align: justify;"><span lang="KZ">Қостанай облысының әкімінің &laquo;Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру&raquo; туралы қаулысына</span><span lang="KZ"> орай, Қостанайда әскери міндетті 50 азамат 27 сәуірден </span><span lang="KZ">15 мамырға дейін залалсыздандыру шараларын жүзеге асыру үшін арнайы әскери жиынға шақыртылды, - деп хабарлады қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі. </span></p>

Қостанайда әскери міндеттілердің арнайы жиыны басталды

Арнайы жиынға Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында тіркеуде тұрған әскери қызметке жарамды азаматтар тартылады. Шақырту алғандар 25 сәуірде  сапқа тұруға жарамдылығын анықтау үшін медициналық тексерістен, сондай-ақ коронавирус індетінің бар-жоқтығын анықтайтын тестілеуден өтеді.

Әскери міндеттілерді жеке қорғаныш және арнайы залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз ету жағы Қостанай қаласы әкімдігіне тапсырылды.

Қостанай

Бөлісу:
Қостанайда әскери міндеттілердің арнайы жиыны басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар