Әлем
1 мин оқу 181

Иранда 800 грамм салмақпен дүниеге келген нәресте вирусты жеңді

<p style="text-align: justify;">Иранның Йезд қаласындағы Шахид Садуги атындағы Медицина ғылымдары университетінің Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі орынбасары Махмұд Нұри коронавирус жұқтырған жаңа туған нәрестенің жазылғанын хабарлады. Бұл туралы IRNA ақпарат агенттігі жазды.</p>

Иранда 800 грамм салмақпен дүниеге келген нәресте вирусты жеңді

«Әмір Арсалан есімді нәрестенің қазіргі салмағы бір килограмм 200 грамм. Оған әр үш сағат сайын 15 миллилитр сүт береміз», - деді Махмұд Нұри.

Оның айтуынша, нәрестенің жазылуы - Шохада-Каргар ауруханасында жаңа туған нәрестелерді қарқынды емдеу бөлімшесінде жұмыс істетейтін медбикелер мен дәрігерлердің еңбегі мен күш-жігерінің нәтижесі.

Дәрігер Арсалан мен оның анасының сауығып кеткеніне қуанышты екенін жеткізді.

Иранда барлығы 90 481 адам вирус жұқтырды. Оның ішінде 5 710 науқас қайтыс болған, ал жазылып шыққандар саны 69 657.

Бөлісу:
Иранда 800 грамм салмақпен дүниеге келген нәресте вирусты жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар