Аймақтар
1 мин оқу 285
Қарағанды облысы: COVID-19-дан 19 жастағы жігіт жазылды
<p style="text-align: justify;"><span lang="KZ">Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір науқасқа ем қонып, ол оқшауландырылған ауруханадан жазылып шықты.</span></p>

Бұл азамат атышулы Минск - Нұр-Сұлтан авиарейсінің 2001 жылы туған жолаушысы екен. Оған жеңіл дәрежедегі коронавирус инфекциясына шалдыққан деген диагноз қойылған болатын. Толық емдеу курсынан өтіп және екі мәрте алынған ПТР-талдау теріс нәтиже көрсеткен соң, пациент 14 күндік үй карантиніне шығарылды.
Бүгінгі күнде Қарағанды облысында «жаман тұмаудан» жазылғандардың жалпы саны 37 адамға жетті.
Қарағанды облысы
Бөлісу: