Аймақтар
1 мин оқу 726

Атырау: «Сергектің» 2748 камерасы бақылайды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Көркем Телеком&raquo; компаниясы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, &laquo;Сергек&raquo; жобасы аясында Атырау қаласында 2748 камера орнату көзделіпті.</p>

Атырау: «Сергектің» 2748 камерасы бақылайды

Оның 774-і қоғамдық қауіпсіздікті бақылауға арналған. Бұған дейін орнатылған 750 бейнебақылау камерасы да жүйеге қосылады. Ал жол қиылыстары мен желілік учаскелерді 612 камера бақылайды. Сондай-ақ  жоба аясында полицейлерге арналған 100 планшет пен 10 экометеодатчик қарастырылған.

– Бұл жоба кезең-кезеңмен іске қосылады. Жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды тіркеу және айыппұл салу жүйесін іске қосу туралы өкілетті органдар қосымша ақпарат береді,- деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Атырау: «Сергектің» 2748 камерасы бақылайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар