Аймақтар
1 мин оқу 170
Түркістан: Індеттен айығып, отбасына оралғандар саны 26-ға жетті
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында, соңғы мәлімет бойынша, тағы 2 адам айығып, індеттен жазылғандар саны 26-ға жетті.</p>

Ордабасы ауданының 1974 жылы туған тұрғыны және Кентау қаласы, Нұртас елді мекенінің 1982 жылғы тұрғынының талдама нәтижелері теріс көрсеткішке ие болған.
Өкінішке қарай, өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 1 азамат тіркелді. Түркістан қаласының 20 жастағы тұрғынынан COVID-19 инфекциясы расталды. Аталған азаматпен жақын байланыста болғандар анықталуда. Науқас тиісті ем қабылдауда.
Жалпы облыс бойынша қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны – 109.
Түркістан облысы
Бөлісу: