Аймақтар
1 мин оқу 373

Қарағанды облысы: COVID-19 Теміртауда күшейіп тұр

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қарағанды облысында Теміртау қаласының сегіз тұрғынының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.</p>

Қарағанды облысы: COVID-19 Теміртауда күшейіп тұр

Ауырғандардың арасында 25 және 24 жастағы екі жігіт пен  1967, 1985, 1990 және 1998 жылдары туған төрт әйел бар. Сондай-ақ үш жастағы және биыл туған қыз балаларға да індет жұққан.

Науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Бүгінгі күнде Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырудың 128 оқиғасы ресми түрде тіркелген. Оның ішінде бір адам қайтыс болды және 37 науқас  жазылып шықты.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Қарағанды облысы: COVID-19 Теміртауда күшейіп тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар