Әлем
1 мин оқу 235
Ресей Қарулы күшінен коронавирус індеті анықталды
<p style="text-align: justify;">Ресей елі Қарулы күшінің сапында борышын өтеп жүрген 874 әскери қызметкерден коронавирус індеті анықталды деп хабарлайды RIA Novosti ақпарат агенттігі.</p>

Қазіргі таңда дерт жұқтырғандар жүйелі түрде ем қабылдап жатыр. Бұл індетке тап болған әскерилердің 314-і Қорғаныс министрлігіне қарасты ауруханадарға жатқызылса, 175 солдат әскери бөлімдердегі емдеу-сауықтыру орталықтарына орналастырылған.
Бұлардан басқа Қорғаныс министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарының 779 курсанты мен 192 оқытушы коронавирус жұқтырған көрінеді.
Бөлісу: