Аймақтар
1 мин оқу 173

Ақмола облысында антисептик өндірілуде

<p style="text-align: justify;">Коронавирус вирусына қарсы құралдармен қамтамасыз ету мақсатында Степногорск қаласында антисептикалық құралдар өндірісі іске қосылды. Бұл маңызды жұмысты &laquo;Баур-Бек-Нұр&raquo; жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған.</p>

Ақмола облысында антисептик өндірілуде

Бас директор Болат Қайыркенов кәсіпорында 8 сағат ішінде 1600 литр антисептика шығаратынын айтады. Сондай-ақ «Alfa organic» Солодовый спиртзавод» ЖШС, «Биомедпрепарат» ЖШС және «СКЗ-Пирит» ЖШС өндірісте көмек көрсету бойынша серіктестер болып табылады.

Бүгінгі күні антисептикалық құралдар қаланың дәріханалық желісіне жеткізілуде. Бұл өнімдерді сатып алуға өтінімдер Қарағанды, Теміртау және Рудный қалаларынан да түсіп отыр.

Ақмола облысы

Бөлісу:
Ақмола облысында антисептик өндірілуде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар