Аймақтар
1 мин оқу 162
Шымкент қаласында тағы 4 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған
<p style="text-align: justify;">27 сәуір, сағат 14:00-дегі мәлімет бойынша 1991, 1987, 1978, 1973 жылы туған шаһар тұрғындары өзіне дейін вирус жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Қазіргі таңда барлығы карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынды. </p>

Сондай-ақ, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Әзірге науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Дәл бүгінгі жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың 175-ке жетті.
Шымкент
Бөлісу: