Қоғам
1 мин оқу 772

Су ресурстары комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды

<p style="text-align: justify;">Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Арман Алашұлы Тұрлыбек берген өтінішіне сәйкес ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Су ресурстары комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды

Арман Тұрлыбек 1971 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, Алматы мемлекеттік энергетика және байланыс университетін тәмамдаған. 

Түрлі жылдары Сәтпаев қаласы бірқатар коммерциялық құрылымында басшылық лауазымдар атқарған, Сәтпаев қалалық мәслихатында хатшы болған.

2000-2007 жылдары Сәтпаев қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2007 жылдан 2010 жыл аралығында Қарағанды облысы әкімдігінде басшылық қызметтерді атқарды, Премьер-Министрдің орынбасарының кеңесшісі болып тағайындалды. 

2010 жылдан 2016 жыл аралығында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымында жұмыс істеді. 

2016 жылдан 2019 жыл аралығында Астана (Нұр-Сұлтан) қаласы әкімінің аппаратында басшылық қызметтерді атқарды.  

2019 жылдың шілде айынан қазірге дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Бөлісу:
Су ресурстары комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар