Аймақтар
1 мин оқу 121

Шымкенттік дәрігерлер 6 адамды коронавирус індетінен емдеді

<div style="text-align: justify;">Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 27 сәуір күні қалада коронавирус инфекциясынан тағы алты адам емделіп шықты.</div> <div style="text-align: justify;">&nbsp;</div>

Шымкенттік дәрігерлер 6 адамды коронавирус індетінен емдеді
1962 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны 5 сәуір күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясымен жатқызылған. Науқастан «COVID-19»-ға алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен. Қалған бес ем алушының барлығы 11 бен 58 жас аралығындағы қала тұрғындары. 
 
Алты азамат та вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алған. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсетті. 
 
Осыған орай, олар 27 сәуір күні ауруханадан шығарылды.
Бүгінде қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус инфекциясына шалдыққан 29 науқас дертінен айығып шықты.                                      
       
 
Шымкент
Бөлісу:
Шымкенттік дәрігерлер 6 адамды коронавирус індетінен емдеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар