Коронавирус
2 мин оқу 155

Үздік жобалар Үкіметке ұсынылады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Стоп-Коронавирус&raquo; онлайн-бай&shy;қауының нәтижелері бойын&shy;ша бірқатар жоба қазылар алқа&shy;сы&shy;ның ең жоғары баға&shy;ла&shy;рына ие болды: ДНҚ гендерінің топтамасын құру, реагенттер жиынтығын алу, вирусты анықтаудың жо&shy;ға&shy;ры сезімтал жүйесін жасау, ауру&shy;дың әртүрлі деңгейіндегі диаг&shy;ностика тәсілдерін пайда&shy;ла&shy;ну, вирусқа қарсы препаратты әзірлеу, биоыдырайтын ма&shy;те&shy;риалдан қолды қорғау құрал&shy;да&shy;рын жасау, қазақстандық диа&shy;&shy;томитті пайдалана отырып рес&shy;пираторлық маскаларды жа&shy;сау және коронавирустың ауыр түр&shy;лерін емдеу барысында биоме&shy;дици&shy;налық жасушалық өнім&shy;ді қолдану.</p>

Үздік жобалар Үкіметке ұсынылады

Қазылар алқасының шешімі бо­йынша финалға қатысқан бар­лық 39 жоба тиімділігі жоғары және іске асыруға дайын, сондық­тан барлығы Үкіметтің қарауына, сондай-ақ мүдделі инвесторларға ұсынылады.

Қазылар алқасының баға­ла­уы­мен қатар жобалар бойынша онлайн-дауыс беру жүргізілді. Соның нәтижелері бойынша «ха­лықтық» топ-жобалар анық­тал­ды. Қазылар алқасының бағалауы мен онлайн-дауыс беру нәти­же­лерін және қазылыққа кірген адамдардың тізімін Ғылым қоры­ның t.me/sciencefund Telegram арнасынан көруге болады.

«Стоп-Коронавирус» бай­­қауын «Ғылым қоры» АҚ ұйым­дас­тырды. Байқауға барлығы 140-тан астам өтінім келіп түсті. Коронавируспен күресу жөнінде өз ұсы­ныстарын ғалымдар, док­то­ранттар, кәсіпкерлер мен­ стар­таперлер ұсынды. «Стоп-Коронавирус» байқауы онлайн-режімде өтті. Авторлар тікелей эфирде өз жобаларын қазылар алқасы мүшелеріне таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Негізінде, ақпарат Facebook әлеуметтік желісі арқылы Bilim PLUS парақ­шасында көрсетілді. Онлайн формат бағалау үрді­сі­нің барынша ашықтығын қамтамасыз етті және барлық қаты­сушылардан қолдау тапты. Қазылар алқасының құра­мы­на денсаулық сақтау, IT са­ласының танымал маманда­ры, кәсіп­керлер мен қоғам қай­рат­кер­­лері кірді. Қазылар ал­қа­­сы­ның төрағасы болып белгілі қоғам қай­раткері, «Серпін» бі­лім және ин­но­вация ұлт­тық па­ла­та­сының басшысы Мұрат Әбенов сайланды.

– Мен үшін қазақстандық ғалымдардың көбі осы тақырып­та жұмыс істеп жатқаны күтп­е­ген жағдай болды. Жобалар өте жақсы және білікті авторлардың ұсыныстарында коронавирусты анықтауға арналған тестілерден бастап вакцина, емдік тамақтану, дезинфекция, вирустың алдын алу шараларына дейін қам­тыл­ған. Ертең-ақ өндіріске енгізуге тұрарлық тартымды жобалар бар. Біздің ғалымдар өз өнімдерімен нарыққа шыға алады және шы­ғуы керек, – деп атап өтті Мұрат Әбенов.

Байқау қорытындысы бойынша «Ғылым қоры» АҚ мүдделі тараптармен бірлесіп, келіп түскен ұсыныстарды алға тарту және іске асыру бойынша жұмысын жалғастырады.

Бөлісу:
Үздік жобалар Үкіметке ұсынылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар