Қоғам
2 мин оқу 390

Ауылдар интернетке қашан қосылады?

<p style="text-align: justify;">Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев байланыс операторларының жүргізіп жатқан жұмыстарының барысы туралы есебін тыңдап, оларға жүктелген міндеттер мен ауылдарды жоғары жылдамдықты мобильді интернетке жоспарлы мерзі&shy;мінен кешіктірмей қосу қа&shy;жеттігін айтты.</p>

Ауылдар интернетке қашан қосылады?

«Қазір еліміздің 4300-ден астам елді мекені жоғары жылдамдықты мобильді ин­тернетке қосылған. Осы жыл­дың соңына дейін тұр­ғын саны 250 адамнан көп ауылдардың бәрі 3G немесе 4G байланысымен қам­тылуы тиіс. Осы орайда, сіз­дерден жұмыс қарқынын баяу­латпауды сұраймын. Біз өз тарапымыздан төтенше жағ­дай кезінде енгізілген шек­теулерге байланыс­ты мәселелерді шешуге көмек­тесуге дайынбыз», деді бай­ла­ныс операторларына Ас­қар Жұмағалиев.

Бүгінде елімізде қалалар мен ауылдарды қосқанда, барлығы 4 353 елді мекен мобильді интернетпен қам­тылған. Бәрін қосқанда 600 мың адам өмір сүріп жатқан тағы 928 ауыл Цифрлық да­му, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министр­лігі мен «Кселл» АҚ, «Мо­байл Телеком-сервис» ЖШС және «Кар-Тел» ЖШС компаниялары арасындағы меморандум шеңберінде 3G немесе 4G технологиялары бойынша жылдамдығы жоғары мобильді интернетке қосылуы тиіс. «КарТел» ЖШС-нің берген ақпаратына сәйкес, жыл басталғалы 76 ауылға база­лық стансалар салынған.

Сондай-ақ елімізде шал­ғай ауылдарға талшық­ты-оптикалық байланыс желі­лерін тарту жобасы да жүзеге асы­рылуда. «Қазақ­телеком» АҚ осы жобаны жүзеге асыру аясында жыл басталғалы 303 ауылға оптикалық сым жүр­гізген. Жыл соңына дейін қалған 463 ауылға желі тарту жоспарда бар. «Транс­телеком» АҚ осы жыл­дың соңына дейін 161 ауыл­­дағы оптикалық желі құры­лысын аяқтауды жос­парлап отырғанын растады.

Төтенше жағдайлар режі­міне байланысты ен­гізілетін шаралар операторларға және олардың мердігерлік ұйым­дарына жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік берсе, олар өзіне алған мін­дет­темелерді жоспарға сай сапалы және мерзімінде орындауды көздеп отыр.

Осылайша, 2020 жылдың соңында жылдамдығы жо­ғары мобильді интернет 5 163 елді мекенде қолжетімді бола­ды, ал 3G/4G байланысын 18 млн адам пайдаланады деп жоспарлануда.

Бөлісу:
Ауылдар интернетке қашан қосылады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар