Жаңалықтар
1 мин оқу 331

Қызылордада күріштің қауызын кәдеге жаратты

18 09-РисҚызылорда облысында озық технологияның көмегімен күріштің қауызынан кремний көміртегі қоспасы мен органикалық өнім алынды. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.

Әлемдік тәжірибеде алғаш рет күріштің қауызын еліміздегі «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталық мамандары кәдеге жаратып отыр. Негізі, күріштің қауызынан өндірілген кремний көміртегі қоспасы металл төзімділігін арттырып қана қоймайды, ол сондай-ақ күн сәулесінен қуат алатын құрылғылардың қалыпты жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді. Дерек көзіне жүгінсек, дүниежүзінде жылына 200 млн. тонна күріш қауызы жиналады екен. Ал Сыр бойында 1 жылда орта есеппен 40-50 мың тоннадай жиналатын қауыз кәдеге жаратылмай келді...

Данияр Түймебай.

Бөлісу:
Қызылордада күріштің қауызын кәдеге жаратты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар