Қоғам
1 мин оқу 370

Жасылелдіктер үндеу жолдады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Жасыл ел&raquo; жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы Премьер-Министр Асқар Маминге жолдаған үндеуінде мемлекеттік маңыздағы жолдар мен үйлер құрылысы жұмыстарына қатысуға дайындығын мәлімдеді.</p>

Жасылелдіктер үндеу жолдады

2020 жылғы 27 сәуір күні Қазақстан жастарының конгресі мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы атынан Қазақстан Респуб­ликасының Премьер-Министріне ресми үндеу жолданды.

Ресми сауалға Премьер-Ми­нистр Асқар Маминнің төр­аға­лы­ғымен өткен Үкіметтің селек­торлық отырысында 2020-2025 жыл­дарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдар­лама­сын жүзеге асыру аясында биыл пайдалануға берілетін респуб­ликалық маңыздағы жолдар көле­мін арттыру туралы хабарлауы себеп болды. Сондай-ақ Премьер-Министр Асқар Мамин құрылыс маусымын уақытында бастауды, құрылыс қарқынын жеделдету мен жоспарланған тұрғын үй көлемін уақтылы пайданалуға беруді тапсырған.

«Өңірлердегі жастар еңбек жасақ­тарының мемлекеттік маңыз­дағы құрылыс жұмыс­тары­на қа­тысуы жастардың өз­деріне жа­һан­дық міндеттер артып, қоғам алдында азаматтық жауап­кершілікті сезіне алуына ынталандырады», деді «Жасыл ел» жастар еңбек жасақ­тары республикалық штабы­ның жетек­шісі Азамат Данияр.

Сондай-ақ республикалық штаб жасылелдіктердің осы бағыттағы тәжірибелерін атап өтті. Олар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік автожолы мен EXPO-2017 халық­аралық мамандандырылған көрмесі нысандарының құрылысы, «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» республикалық марафон-эстафетасын ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысқан. Алғашқылардың бірі болып «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мен «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарына жұмылдырылғандар қатарында Жасыл ел сарбаздары болған.

Бөлісу:
Жасылелдіктер үндеу жолдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар