Қоғам
1 мин оқу 270

Қолдауды сезінудеміз

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған &laquo;Біз біргеміз&raquo; акциясының аясында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсетілуде. Аты жаман індеттің кезінде берілген бұл көмек өзіміз сынды аз қамтылған немесе әртүлі жағдайы бар отбасылар үшін шын мәнінде үлкен қолдау.</p>

Қолдауды сезінудеміз

Жасым 67-де, жүрек, қан қысымы және қант диабеті ауруларымен ауырамын. Өзім де, 70 жастағы отағасым да екінші топтағы мүгедектерміз, жол­дасымның басына ота жасалған. От­басында бес бала тәрбиелеп өсір­ген анамын, бірақ кенже қызым Әлия туабітті мүгедек. Ол биыл 33 жасқа толды. Қолымда немерем де бар, Nur Otan партиясының араласуымен оны балабақшаға орналастырдым.

Жуырда үйге бірінші кезектегі азық-түлік пен медициналық маскалар, антисептикалық құралдар әкеліп берді. Жақында жеке есепшотымызға 50 мың теңге қаржылай көмек түсті. Әлемде болып жатқан жаман індет елімізге келгені қынжылтады. Республика көлемінде карантин жарияланды. Қиындық – өтпелі, осы қиын кезде бір-бірімізге қолдау көр­сет­сек қана бұл жаман індеттен тез құтылатынымызға сенемін.

Қиын кезде халқына көмек қолын созған, қашанда қасымыздан та­былған нұротандықтарға, жомарт жандарға үлкен рахмет. Халық үшін еңбек етіп жатқан жандарға Алла разы болсын. Бауыржан атамыз «Тәртіпке бас иген құл болмайды» дегендей, халыққа ережелерді сақтап отбасымыздың, ел-жұрттың амандығы үшін үйде отырайық дегім келеді. Қолымыздан келері және біздің елімізге көмегіміз сол болмақ.

Нұрсұлу ИДЕНОВА,

ІІ топтағы мүгедек

АҚТАУ

Бөлісу:
Қолдауды сезінудеміз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар