Аймақтар
1 мин оқу 220
Алматы облысы: Індеттен оңалғандар қатары 12 адамға жетті
<p style="text-align: justify;">Бүгін Алматы облысында коронавирустан емделіп, сауыққан екі науқас ауруханадан шықты. Қазір Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының қос тұрғынының өміріне төнген қауіп толық сейіліп, денсаулығы қалыпқа келген.</p>

- Осы сәтте облыстың екі тұрғыны 1993 және 1999 жылы туған пациенттер Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасынан шығарылды. COVID-19 инфекциясының бар-жоқтығын анықтау үшін қайталай жасалған талдау екеуінің де ем алғаннан кейін толық айыққанын анықтаған, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бөлісу: