Аймақтар
1 мин оқу 1,552
Алматы облысы: Жаркент қаласы карантинге жабылады
<p style="text-align: justify;">Алматы облысындағы Панфилов ауданында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 1 науқас тіркелді.</p>

Қазір індет жұқтырған Жаркент қаласының тұрғыны Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылған. Оның 15 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Күдіктілердің барлығы Панфилов аудандық ауруханасының провизорлық бөліміне карантинге алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасып жатыр.
- Эпидемиологиялық тексеру барысында Жаркентте 1989 жылы туған азаматтан КВИ анықталған. Осыған байланысты Панфилов аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен Жаркент қаласы 30 сәуір сағат 00.00-ден бастап карантинге жабылады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бөлісу: