Спорт
1 мин оқу 210

Велоспорт: «Астана» топ басында келеді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Джиро д'Италия&raquo; виртуалды веложарысының төртінші кезеңі өз мәресіне жетті. Онлайн доданың кезекті кезеңінде бақ сынаған &laquo;Астана&raquo; велокомандасының спортшылары Горка Исагирре мен Алекс Аранбуру алғашқы үштіктің қатарынан көрінді.</p>

Велоспорт: «Астана» топ басында келеді

Төртінші кезеңде велоспортшылар биыл өтуі керек болған «Джиро д'Италия-2020» бәсекесінің 17-кезеңіндегі 25,9 шақырым қашықтықты компьютерге қосылған велостанокпен жүріп өтті. Бұл айналымда «Bahrain – McLaren» велоспортшылары жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды «Астана» өкілдері иеленсе, үздік үштікті «Jumbo-Visma» командасы түйіндеді.

Жалпы есепте қазақстандық команда көш бастап келеді. Екінші орында «Астанадан» 18,33 уақыт көрсеткішімен қалып келе жатқан «Bahrain – McLaren» болса, үшін орында Италия құрамасынан жиналған велоспортшылар келеді. Олар жерлестерімізден 20,33 минут артта келеді. Айта кетейік, жарыстың алғашқы кезеңінде Алексей Луценко жеңімпаз атанған болатын.

Бөлісу:
Велоспорт: «Астана» топ басында келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар