Спорт
1 мин оқу 263
Бүкіләлемдік садақ ату федерациясы спортшыларға арнап саммит өткізеді
<p style="text-align: justify;">Бүкіләлемдік садақ ату федерациясы (World Archery) спортшылар мен бапкерлерге және төрешілерге арналған жазғы саммиттер ұйымдастырады деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz. </p>

Қашықтықтан өткізілетін семинарларда эксперттер презентация өткізеді. Ал қатысушылар үйде отырып-ақ, білімін жетілдіруге мүмкіндік алмақ.
Айта кетейік, коронавирус індетіне байланысты федерация барлық халықаралық жарыстар мен басқа да іс-шараларды тоқтатты. Спортшылар саммитінде спорттағы психология, жарыс қарсаңында бабыңа ену және таза спорт мәселелері қарастырылады.
Бөлісу: