Аймақтар
1 мин оқу 600

ҚарМУ-дың студенттері сессияны қашықтан тапсыра бастады

<p style="text-align: justify;">Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің &nbsp;оқытушылары жазғы сессияның емтихандарын қашықтан қабылдай бастады.</p>

ҚарМУ-дың студенттері сессияны қашықтан тапсыра бастады

Аталған оқу орнының күндізгі, күндізгі-қысқартылған және сырттай (бакалавриат, магистратура, докторантура) бөлімдерінде 12 801 студент оқиды. Оқытушылар мен студенттерге онлайн-вебинарларда «қашықтан өтетін» сессияның тәртібі туралы айтылды. Ректордың міндетін атқарушы Еркебұлан Тажбаев тікелей эфир жүргізіп, емтихандарды жаңа форматта тапсыруға қатысты барлық сұрақтарға жауап берді.

ҚарМУ-дың оқу ісі жөніндегі проректор Бекболат Нүсіпбеков сессияның алғашқы күні үш мыңға жуық студенттің емтихан сынағынан сәтті өткенін мәлім етті.

– Сессия енді ғана басталды. Дегенмен, алғашқы күн дистанциялық технологияларды қолданудың өзіндік артықшылықтары бар екенін көрсетті. Студенттің өзіне сенімді болуына  үйреншікті үй жағдайының айтарлықтай көмектесетінін айта кеткен жөн, – деп атап өтті ол.

Жалпы, ҚарМУ-да төрт мыңнан астам емтихан өтеді. Ал бірінші күні техникалық себептерге байланысты желіден ажыратылып қалған 20 студентке емтиханды қайта тапсыруға мүмкіндік берілген.

Бөлісу:
ҚарМУ-дың студенттері сессияны қашықтан тапсыра бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар