Аймақтар
1 мин оқу 161
Шымкентте тағы 3 азаматтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды
<p style="text-align: justify;">Вирус жұқтырғандар 1966, 1969, 1980 жылғы туған қала тұрғындары. Оның екеуі - әйел, біреуі - ер азамат.</p>

Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
30.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 192 адам анықталды.
Шымкент
Бөлісу: