Аймақтар
1 мин оқу 452

Жітіқарада саяжай өртенді

​Бүгін сағат 17.01-де облыстық төтенше жағдай департаментіне Жітіқара қаласының шетіндегі «Мичуринец»   саяжайы өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен. Кейін өрттің тұтанған қурайдан шыққаны белгілі болады. Қызыл жалын иесіз тұрған 7 үйді және жұрт тастап кеткен 15 саяжай телімін шарпыған.

Жітіқарада саяжай өртенді

- Өртті бірден сөндіруге жылдамдығы 23 м/с болатын күшті жел көп кедергі болды. Соған қарамастан тілсіз жау сағат 18.37-де толық ауыздықталды. Зиян шеккендер жоқ, - деп хабарлады  ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, 1 жарым гектардай аумақты шарпыған қызыл жалынды тоқтатуға 6 өрт сөндіргіш және  өртке қарсы 3 арнайы техника, сондай-ақ он шақыт өрт сөндіруші  жұмылған.

Бөлісу:
Жітіқарада саяжай өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар