Әлем
1 мин оқу 270
Ресейдің премьер-министрінен коронавирус анықталды
<p style="text-align: justify;">Ресей Федерациясының Үкімет басшысы Михаил Мишустин өзінен коронавирус инфекциясы анықталғанын мәлімдеді.</p>

«Коронавирусқа тапсырған тест менің науқас екенімді көрсеткені жаңа ғана мәлім болды», - деді Михаил Мишустин Ресей Президенті Владимир Путинмен видеобайланыс барысында.
Министрлер кабинеті басшысының міндетін бірінші вице-премьер Андрей Белоусов атқаратын болды.
Михаил Мишустин жұмысын штаттық режимде жалғастыра береді. Президентпен және өзге әріптестерімен видеобайланыс арқылы сөйлесіп тұрады.
Бөлісу: