Фотогалерея
1 мин оқу 495

Жауқазыны Жамбылдың

<p style="text-align: justify;">&laquo;Біз біргеміз!&raquo; акциясы аясында облыстық &laquo;77TV&raquo; телеарнасы төтенше жағдай кезінде ел назарын Табиғат ананың тылсым сұлулығымен қанықтыру мақсатында ерекше игі бастаманы қолға алғаны белгілі.</p>

Жауқазыны Жамбылдың

Атап айтқанда, «77TV» арнасы Жам­был облысы отан-ошағы болып са­налатын жабайы қызғалдақтың гүл­деу кезеңінде эко-туризмге ар­нал­ған ма­териалдарды түсіру бойын­ша фо­то­экспедицияға ақпараттық қолдау көрсетті.

Бұл фотоэкспедиция облыс­тық Ту­ризм басқармасының ұй­­ым­дас­тыруымен Жуалы, Қордай, Мер­кі аудандарында өткізілді.

4

Мақсаты – Жамбыл облысының табиғи флорасы мен фаунасы туралы жоғары сапалы фотоматериал­дар дайындау және біздің аймақ­тың ерекшелігі саналатын қызғалдақ­тарды кеңінен насихаттау.

Дәл осы фотоматериалдар бола­шақта өңірімізге туристерді тарту үшін туристік каталогтар, брошюралар, буклеттер және басқа да жарнамалық материалдарды дайын­дауға негіз болмақ.

5

Тарихы терең, табиғаты сұлу киелі Жам­был жерінің жауқазындарын ха­лықтың назарына ұсыну шарасына Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ре­сурстар және табиғат пайдалануды рет­теу басқармасы, облыстық «Ақ жол», «Знамя труда», «Арай» газет­те­рі атсалысты.

 

Алтынбек ҚАРТАБАЙ

Бөлісу:
Жауқазыны Жамбылдың · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар