Қоғам
1 мин оқу 190

Санитарлық сертификат артық болмайды

<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдай режімінің мамыр айына дейін ұзартылғаны, меніңше, дұрыс шешім. Өйткені осының алдында сарапшылар төтенше жағдай 15 мамырға қарай аяқталады деп болжаған еді.</p>

Санитарлық сертификат артық болмайды

Президент мамырдың 11-інен бас­тап төтенше жағдай режімі аяқта­ла­ты­нын айтып, арнайы Жарлық шығар­ды. 1 мамырдан бастап Нұр-Сұл­т­­ан мен Алматы қалаларында әуе рейс­те­рі ашылатыны мəлім болды. Сөз жоқ, бұл – жақсы хабар. Азаматтардың қа­ты­­на­сына да, әуе қатынасы саласына да осы шешім тиімді болады деп санай­­мын.

Бұған дейін медицина мамандары адам­дар өзара екі метрлік арақа­шық­тықты сақтауы керектігін ескертті. Ұшаққа медициналық бетперде киіп келуі керектігі айтылды. Жолау­шы­лардың температурасы міндетті түрде өлшенеді. Коронавирус инфек­циясын жұқтырмағаны туралы арнайы медициналық анықтама да талап етіледі. Бұл талаптар сақталса, індеттің тара­луына біршама шектеу қойылады.

 Осы ретте барлық тәртіпті сақтау үшін санитарлық сертификат тапсыру мәселесін қолға алған артық болмайды деп санаймын. Өйткені жауап­кер­шілікпен бірге, оны қадағалайтын ереже де болуы тиіс. Мұның барлығын тұты­ну­шылар, қызмет көрсетушілер, тауар сатушылар және кәсіпкерлер нақты сақтайтын болса, қауіпті дерттің таралып кетуіне жол берілмейтіні күмəнсіз.

Абылай МЫРЗАХМЕТОВ,

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы

Бөлісу:
Санитарлық сертификат артық болмайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар