Аймақтар
1 мин оқу 246
Қостанай облысы: Шекарада миллионнан астам маска тәркіленді
<p style="text-align: justify;">Бүгін Қостанай облысының «Қайрақ» шекаралық бақылау бекетінде аса ірі көлемдегі медициналық масканы жасырын түрде заңсыз Ресейге алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды.</p>

Алматыдан Мәскеуге тауар алып бара жатқан жүк көлігін тексеру барысында шекарашылар 1 миллионнан астам маска тапқан. Жасырын жүктің сыртқы қорабына «Халық тұтынатын тауарлар» деген белгі соғылыпты. Мемлекетке келген зиян көлемі - 118 млн теңге. Заңсыз тауар тәркіленіп, экономикалық бақылау басқармасына жіберілетін болады.
Осыдан 1 апта бұрын дәл осы шекара бекетінде 11500 бетперде тәркіленген болатын.
Қостанай облысы
Бөлісу: