Аймақтар
1 мин оқу 205
Қарағанды облысы: Төрт адам «жаман тұмауды» жеңді
<p style="text-align: justify;">Бүгін, 1 мамыр күні Қарағанды облысында коронавирустан жазылған төрт адам стационарлардан шығарылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.</p>

Олардың екеуі Қарағанды қаласының 1953 және 1976 жылдары туған тұрғындары. Қалған екеуі Теміртауда тұратын 10 жастағы қыз бала мен 1989 жылғы әйел.
Пациенттер толық емдеу курсынан өтті және ПТР-талдау екі мәрте теріс нәтиже көрсеткеннен кейін, олар екі аптаға созылатын үй карантиніне шығарылды.
Қарағанды облысында COVID-19 індетінен жазылып шыққандардың жалпы саны 67 адамға жетті.
Қарағанды облысы
Бөлісу: