Британ жазушысы «Гарри Поттер» күнінде қайырымдылық жасады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Британ жазушысы Джоан Роулинг бір миллон доллар стерлингін (1,25 миллион доллар) қайырымдылыққа жұмсады. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасына жазды. </span></p>

«Қиын күндер туғанда кедейлер мен ең әлсіз топтар зардап шегеді. Сол үшін бір миллион доллар стерлингті қайырымдылыққа жұмсаймын», деп жазған Роулинг.
Қаржы екі ұйымға теңдей бөлінеді. Оның біріншісі – үйсіз жандарға көмектесетін ұйым болса, екіншісі – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына жәрдемдесетін ұйым.
Жазушы өзінің кейіпкерінің құрметіне жыл сайын 2-мамырда атап өтілетін дүниежүзілік Гарри Поттер күні қарсаңында осындай шешім жасаған. «Гарри Поттердің» авторы дүние жүзіндегі ең бай жазушылардың қатарынан саналады. Былтыр сарапшылар оның табысын 92 миллион доллар деп есептеген.