Елеусінов туралы фильм жарық көрді
<p style="text-align: justify;">Британдық Matchroom Boxing про­моутерлік компаниясы талантты қа­зақ­стандық боксшы Данияр Елеусінов туралы бейнесюжет жариялады. Фильмде Елеусіновтің кәсіби мансабын бастаған кезі, одан кейінгі дамуы және ринг сыртындағы сәттері көрсетілген.</p>

Қазақстанның мақтанышына айналған Данияр Елеусінов 2016 жылы Рио Олимпиадасында топ жарғаннан кейін бағын кәсіпқой бокста сынап көруге бел буды. 2018 жылы алғашқы жекпе-жегін өткізген отандасымыз бүгінге дейін 9 рет шаршы алаңға көтеріліп, барлық қарсыласынан басым түскен. Оның бесеуін нокаутпен жеңгенін де айта кетейік.
Қандасымыз кейінгі кездесуін 2019 жылдың 20 желтоқсанында мексикалық Алан Санческе қарсы өткізіп, 5-раундта сұлатып салған-ды. Сондай-ақ Елеусінов 17 сәуірде АҚШ-тың Мэрилэнд штатындағы Оксон-Хилл қаласында әлем экс-чемпионы намибиялық боксшы Джулиус Индонгоға (23-2, 12 КО) қарсы бокстасуы керек еді. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты бокс кеші кейінге шегерілді.