Қоғам
1 мин оқу 182

Бүгіннен бастап кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істейді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">4 мамырдан бастап фотосалондар, аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер, гүл сататын дүңгіршектер, шаштараздар, медицина орталықтары, стоматологиялық клиникалар жұмысқа кіріседі.&nbsp;</span></p>

Бүгіннен бастап кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істейді

Бүгіннен бастап барлық өңірлерде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді: аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері); фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер; шаштараздар (жазылу бойынша); медицина орталықтары (жазылу бойынша); стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша); жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар; шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.

Сондай-ақ, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жанданады.

Сонымен қатар, 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі.

Айта кетейік, бұл шешімдер Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында қабылданған болатын.

Бөлісу:
Бүгіннен бастап кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар