Спорт
1 мин оқу 210

«Манчестер Сити» ойыншыларының құны бір миллиард евродан асады

<p style="text-align: justify;">Немістердің Transfermarkt порталы құрамындағы барлық ойыншылардың құнын есепке ала отырып,&nbsp; әлемдегі ең қымбат командаларды анықтады.</p>

«Манчестер Сити» ойыншыларының құны бір миллиард евродан асады

Үздіктер көшін - «Манчестер Сити» бастап тұр. Англияның Премьер-лигасында өнер көрсететін айтулы команда ойыншыларының жалпы құны 1.02 миллиард евроны құрап отыр. «МС» - бүгінгі таңда миллиардтық межеден асып отырған әлемдегі жалғыз клуб.

Ал жоғарыдағы өлшем бойынша «ТОП-10» команданың толық тізімі мынадай:

  1. «Манчестер Сити» — € 1,02 млрд
  2. «Ливерпуль» — € 967 млн
  3. «Реал» — € 888,5 млн
  4. «Барселона» — € 852,7 млн
  5. «ПСЖ» — € 843,7 млн
  6. «Бавария» — € 756,6 млн
  7. «Атлетико» — € 709 млн
  8. «Тоттенхэм Хотспур» — € 699 млн
  9. «Челси» — € 679,9 млн
  10. «Манчестер Юнайтед» — € 646,7 млн
Бөлісу:
«Манчестер Сити» ойыншыларының құны бір миллиард евродан асады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар