Спорт
1 мин оқу 180
Шахматшылардың онлайн-турнирі аяқталды
<p style="text-align: justify;">Шахматтан жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құраған «Magnus Carlsen Invitational» онлайн-турнирі өз мәресіне жетті.</p>

Кіл мықтылар шеберлік байқасқан жарыста әйгілі Магнус Карлсенге тең келер ешкім табылмады. Әлем чемпионы деген атағы бар 29 жастағы Норвегияның мақтанышы финалдық бәсекеде Хикару Накамурадан айласын асырды. Есеп – 2,5:1,5.
Сондай-ақ айтулы онлайн-турнирде ресейлік Ян Непомнящий, ирандық Әлиреза Фируджа, нидерландтық Аниш Гири, қытайлық Лижэнь Дин, америкалық Фабиано Каруана және франциялық Максим Вашье-Лаграв сынды шахматшылар бақ сынаған еді.
Бөлісу: