Аймақтар
1 мин оқу 280

Шымкент: 11 науқас қауіпті індеттен айықты

<div style="text-align: justify;">Шымкентте коронавирус инфекциясынан тағы 11 науқас емделіп, ауруханадан шығарылды.&nbsp;</div>

Шымкент: 11 науқас қауіпті індеттен айықты
Қауіпті індетті жеңіп шыққандар 1997, 1967, 2004, 1977, 1966, 1946, 1978, 1985, 1976, 1984, 1986 жылы туған қала тұрғындары. Науқастар вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. 
 
Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ, дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 3 мамыр күні ауруханадан шығарылды. 
 
Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 49 науқас дертінен айығып шықты.
 
 
Шымкент 
Бөлісу:
Шымкент: 11 науқас қауіпті індеттен айықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар