«Барыс» үш хоккейшімен қоштасты
<p style="text-align: justify;">Шайбалы хоккейден Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың «Барыс» хоккей клубы өткен маусымда команданы өрге сүйреген негізгі үш ойыншысымен қоштасты.</p>

Атап айтар болсақ, қақпашы Эдди Паскуале, шабуылшы Корбан Найт және қорғаушы Атте Охтамаа келесі маусымда ҚХЛ-дің өзге командаларында бақ сынайды. Үш хоккейші де «Барыс» сапына 2019 жылы қосылған. Найт былтыр «Барыс» сапында 65 рет мұзайдынға шығып, 20 шайба соққан. Сондай-ақ 22 нәтижелі пас асырған. Ал Охтамаа 41 матч өткізіп, 7 рет мергендігімен көзге түскен. 16 рет әріптестеріне нәтижелі пас асырған.
Айта кетейік, алдағы уақытта Эдди Паскуале мен Атте Охтамаа «Локомотив» (Ярославль), Корбан Найт «Авангард» (Омск) клубында ойнайды. Ал «Барыстың» экс-бас бапкері Андрей Скабелка келесі маусымда «Локомотивті» жаттықтыратыны белгілі болды.