Аймақтар
1 мин оқу 290

Шымкентте әкімшілік жауаптан жалтармақ болған жігіт полицейге пара бермек болған

<p style="text-align: justify;">Шымкентте пара ұсынған жігіттің әрекеті әшкереленді. 23 жастағы ер адам ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша (төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік жауапқа тартпауын сұрап Абай аудандық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Нарымбетовке пара ретінде 15 000 теңге ұсынған.</p>

Шымкентте әкімшілік жауаптан жалтармақ болған жігіт полицейге пара бермек болған

Полиция қызметкері бұл жайт туралы Шымкент қаласы ПД-нің өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлап, полицейлер пара берушіні ақша беру үстінде ұстады.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 367-бабының 1-бөлігінде (пара беру) көзделген қылмыс белгілері бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Шымкент

Бөлісу:
Шымкентте әкімшілік жауаптан жалтармақ болған жігіт полицейге пара бермек болған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар