Аймақтар
1 мин оқу 490

Заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды

<p style="text-align: justify;">Сәуір айының 1 мен 31 мамыр аралығында облыс көлемінде &laquo;Браконьер&raquo; жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шара аясында&nbsp; арнайы мобильдік топ құрылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.</p>

Заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды

Табиғат қорғау полициясы қызметкерлері мен облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары 2 мамыр күні бірлескен рейд барысында  Шиелі ауданы, Бала би ауылының тұсында «УАЗ» автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, заңсыз электр тоғын пайдаланып, балық аулап жүрген аудан тұрғыны ұсталды.

Ұсталған азаматтан резеңке қайық, аккумулятор және 6 келіден аса балық алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар