Аймақтар
1 мин оқу 300

Саяжайға жасалған рейд біраз ретсіздікті анықтады

<p style="text-align: justify;">1 - 3 мамыр аралығында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлері қала маңындағы саяжай учаскелеріне рейдтік тексерулер жүргізді. Шараға 76 полицей мен 12 автопатруль жұмылдырылды.</p>

Саяжайға жасалған рейд біраз ретсіздікті анықтады

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғылықты жері бойынша  ІІО-да есепте тұратындарды тексеру бағытындағы мұндай рейдтер жиі өткізіліп тұрады.

Бұл жолғы тексеру барысында ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша жол қозғалысы ережесін бұзудың  1 дерегі анықталып, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, рейд барысында карантин режиміне қарамастан, «ПМК-29» саяжайында жалға берілетін орындарда демалыс ұйымдастырған 1 азаматқа қатысты хаттама толтырылды.   

Шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдау) 1 азаматқа  қатысты әкімшілік хаттама рәсімделіп, ҚР ҚК 296-бабы бойынша (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) 2  дерек  тіркелді.

Бөлісу:
Саяжайға жасалған рейд біраз ретсіздікті анықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар